Описание
Ассалаумағалейкум, құрметті достар!
Алланың қалауымен Нұр-Мубарак Египет Ислам мәдениеті университетінің "Арабша-қазақша сөздік" кітабының мобильді қосымшасы жарық көрді.
41000+ арабша сөздерден құралған бұл сөздік өзіне көптеген функцияларды қамтиды. Елімізде бұндай форматтағы арабша-қазақша сөздігі бірінші мобильді қосымшасы болып табылады.
Мобильдік қосымша жайлы:
"Арабист” мобильді қосымшасы ТЕГІН. Мобильдік қосымша қазақ немесе орыс тілінде 1-мағынасынан бөлек көптеген басқа да аудармаларын ұсынады. Онымен қоса, ізделген сөздің тіркес түрінде келетін мағыналарын көруге де болады.
Ақылы бөлімге:
Жаттығулардың толық нұсқасы
Орыс тілі (Баранов сөздігі негізінде).
Алла қаласа болашақта ақылы бөлімдер қатарына көптеген пайдалы қызметтер қосылу жоспарлануда.
Мобильдік қосымшаның құзыреттілігі:
1. Сөздердің араб тілінен қазақ тіліне немесе керісінше аудармасын көру;
2. Ізделген сөздерді жаттығулар қатарына немесе таңдаулы сөздер қатарына енгізе алу.
3. Ізделген сөздің сарф (морфологиялық) қағидаларына сай басқа да формаларын және сол сөздің басқа да жанама мағыналарын астыда көрсетілетін тізімнен көре алу.
Жаттығулар бөліміне келетін болсақ:
1) Арабша-қазақша (арабский-русский);
2) Қазақша-арабша (русский-арабский);
3) Спринт;
4) Конструктор.
Жаттығулардағы сөздерді өзіңіздің ыңғайыңызға қарай өзгерткіңіз келсе, редакциялау тармақшасы арқылы өзгерістер енгізу қол жетімді.
Басқа сөзді іздеу немесе бастапқы бетке қайта оралу үшін "Іздеу" белгісін басу қажет.
Құрметті достар! Сіздерден біз үшін Алланың мейірімі мен берекесін, әрі бұл амалымыздың мына дүниеде де, ақыреттік дүниеде де қабыл етуі жайында дұға етулеріңізді сұраймыз. Алла Тағала баршаңыздан разы болсын. Игіліктеріңізге қолданыңыздар!