Описание
«Мен сенің жаныңдамын» App-ы оқырманның жылдың әр күні бір беттен оқып отыратын рухани «серіктесі». Ондағы шағын мәтіндерде Иеміздің Киелі кітапта берген керемет уәделері, тәлімдері және нұсқаулары қысқа да айқын келтірілген. Тез өзгере беретін қазіргі заманда көп адам қысым мен қам-қарекет көріп, жиі уайым шегеді. Ал Жаратқан Ие Өзінің шек сіз сүйіспеншілігімен адамның жүрегіне қуаныш пен жұбаныш, тыныштық пен күш-жігер дарытқысы келеді. Осылайша Иеміз оны Өзіне шын жүректен бағышталуға шақырып, сенімін нығайтады. Шығарма Жаратқан Иеге сенушілерге және Оған апарaтын жолды іздеп жүрген басқаларға да үлкен пайда келтіре алады деп сенеміз.